50 жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!

Ұжымда адал еңбеккер, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірманды ана, асыл жар бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз. Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз. Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан қызық - қуаныш арылмасын!

Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!