Тынышсыз күндер артта қалды. Қазір елімізде жағдай тұрақталды, халық қалыпты өмірлеріне оралуда.

Тәртіпсіздіктер кезінде университет, жатақхана ғимараттары зақымданбады. ЖОО қызметкерлері және студенттер азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, тәртіп сақтап жүрді. Төтенше жағдай біткенге дейін профессорлық- оқытушы құрам қашықтан жұмыс істейді. Университетті күзетіп, тіршілік әрекетін қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлер және әкімшілік қана штатты режимде жұмыс атқарып жатыр.

Осы күндері жатақханада қалған студенттерімізді азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз еттік. Бірнеше күнге азық-түлік резервін қалыптастырдық. Жедел желі телефондары да жұмыс істейді. Каникул аяқталған соң, яғни 26 қаңтардан бастап студенттеріміз оқуларын жалғастырады.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын толықтай қолдайды. Қолға алынған тиісті шаралар және дер кезінде қабылданған шешімдер өз жемісін беретініне кәміл сенемін.

Достар, күшіміз бірлікте екенін ұмытпай, әрбіреуіміз Отанымыздың тұтастығын сақтап қалуға үлес қосайық! Президентімізбен бірге болайық!

#КүшімізБірлікте #СилавЕдинстве

Басқарма төрағасы – ректор
Жасұлан Шаймарданов