Сізді Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы 50 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды! Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, қызметтің ең қызықты да қиын саласын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.
Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбегіңіздің үлесі зор. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта бергей!
Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай!