Еліміз үшін соңғы апта қиын өтті. Ерлікпен қаза тапқан қауіпсіздік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ марқұм болған бейбіт тұрғындардың отбасылары мен туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.

Кейбір адамдар интернет желісінде нұротандықтар ештеңе істеп жатқан жоқ деп жазып та, айтып та жатыр. Бұл жалған сөз. партияластар атқарып жатқан істерді нақты мысалдармен айта аламын. Барлық ресурстарымыз без күш-қуатымыз Мемлекет басшысының елде тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын орындауға жұмылдырылды.

Депутаты ретінде, қазіргі күнде «Nur Otan» партиясының мүшелері мен жақтастары өздерінің адал еңбектерімен, жеке қаражаттарымен террористтер мен бандиттердің қолымен бұзылған ғимараттарды қалпына келтіруге көмектесіп жатқанын айтқым келіп отыр. Тәртіп сақшыларын ыстық тамақпен, жекелеген гигиеналық заттармен қамтамасыз етуде.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп, бәріміз бірігіп өз үлесімізді қосайық.