Қызылорда қаласында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жаһандану заманында бәсекеге қабілетті, ұшқыр ойлы, интеллектуал ұлт тәрбиелеу мақсатында «IQ-ORDA» республикалық интеллектуалды байқауы өтті.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығындағы білімді, ізденімпаз, коммуникативті және тапқыр интеллектуал жастар қатысқан білім додасына университетіміздің 4 курс студенті Арыхханов Ертіс Алипұлы қатысты. Шығыстың намысын қорғаған «Алаш Орда» командасы арнайы «Ұшқыр ой» номинациясы бойынша марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Ертіс Алипұлы, сайысқа қатысушы:

Мен, шығыстың «Алаш Орда» командасы құрамына енгеніме өте қуаныштымын! Мен үшін республикалық сайысқа қатысу -үлкен жетістік.

IQ ДОДА (интеллектуалдық көрсеткішті анықтау сайысы) негізінен, еліміздің тарихы, мәдениеті мен руханиятына қатысты сұрақтар қойылды. Түрлі бағыт пен саланы қамтыған сан түрлі сауалдар қатысушылардың үлкен білімін талап етеді. Аталмыш шара, әсіресе, жастар арасында танымал бола түсуде. Осындай жастардың ігі шараларына қатысуға мүмкіндік беріп, қаржылық көмек көрсетіп, қолдаған Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға үлкен алғыс білдіремін!

Шығыс Қазақстан облысының намысын республикалық деңгейде қорғаған команда мүшелеріне шығармашылық табыстар мен кәсіби дамуды тілейміз.