Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Жоғары техникалық колледжі студенттеріне "Келесі ағымдағы құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі саясаттың негізгі бағыттары: "2018 жылдың 10 қаңтарындағы Президент Жолдауы" және "Бес әлеуметтік бастама" тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шараны «ҚХА» қоғамдық кафедрасының қолдауымен Жоғары техникалық колледж ұйымдастырды.
«ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Г. Сәрсембаева және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы Г. Болгауова Жолдаудың негізгі ережелерін және Президент ұсынған бес әлеуметтік бастаманы түсіндіру жөнінде баяндама жасады.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі