Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, ШҚ облыстық Әкімдігі, ШҚ облыстық мәдениет басқармасы, ШҚ облыстық кітапханашылар ассоциациясы және А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла!» облыстық қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.
«Кітапханаға кітап сыйла!» облыстық акциясы (ары қарай Акция) коммерциялық емес, қайырымдылық іс-шара болып табылады және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 20 жарқын іс» қозғалысы аясында өткізіледі.
Мақсаты – Шығыс Қазақстан облыстық ауыл кітапханалары қорын заманауи басылымдармен толықтыру.
2000 жылдан бастап жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі: ғылыми, тарихи, ауыл шаруашылық, құқықтық, көркем және балалар әдебиеті тақырыптарындағы заманауи әдебиеттер қабылданады. Кітаптар жақсы жағдайда болуы тиіс. Кітаптар А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы мен облыстың ауыл кітапханаларында қабылданады. Ақшалай көмек барлық заңды және жеке тұлғалардан қолма-қол ақша түрінде қабылданбайды.
РЕКВИЗИТТЕР: «Шығыс Қазақстан облыстық кітапханашылар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі
Код 18
Жеткізуші коды 11177
СТН 181600060837
ИИК KZ87 8560 0000 0001 6081 KZT
БИК KCJBKZKX
БанкЦентрКредит АҚ
Төлем түрін «Ауыл кітапханаларына қайырымдылық көмек» деп көрсетуді ұмытпаңыз. Келіп түскен қаржы облыстың ауыл кітапханалары қорын толықтыруға жұмсалады.
Облыстық қайырымдылық Акциясының қорытындысы ШҚО Әкімінің ресми сайтында (http://www.akimvko.gov.kz) және А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының сайтында (http://www.pushkinlibrary.kz) жарияланады. Акция қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Акцияға белсенді қатысқандар Акция ұйымдастырушыларының алғыс хаттарымен марапатталады.
Акция жайлы мына адреске хабарласыңыздар:
Тел.: 8 (7232) 26-79-99 – А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының қорды толықтыру бөлімі (www.pushkinlibrary.kz)
Тел. 8 (7232) 25-28-30, 8 (7232) 26-37-12 – ШҚ облыстық мәдениет басқармасы (www.culturevko.gov.kz).
Университеттің ғылыми кітапханасы акцияны толық қолдай отырып, ұйымдастырушыларға жіберу үшін кітап қабылдауды жүргізеді. Кітаптарды ғылыми абонементке әкелуге болады: Бас корпус, Г-Б-100 аудиториясы