Ұлыстың ұлы күні - «Наурыз» халықтық мерекені атап өтуге арналған онкүндік өткізу дәстүрге айналған. Әр күн белгілі бір тақырып аясында өтеді. Соның бірі 16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні деп аталады.
Бұл тақырып аясында халық жадында сақталып, әлі желісін үзбеген «Тілеу көже», «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Жақсының орнына аунату», «Тұсаукесер», «Ашамайға мінгізу», «Қызды оң босағаға отырғызу», «Бұрымын өру», «Беташар» сынды ғұрыптарынан музыкалық-театрландырылған көріністер қойылады.