2-ші ақпан күні Бизнес Мектебі, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасындағы «Алтын бесік - Мұзтау» клубының студенттері ШҚО Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығына Шеберлік-дәріске барды.
Шеберлік-дәрісте «Құрақ құрау» қолөнері, «Сәндік әшекей» қолөнері бойынша шеберлік сабақтары өтіп, клуб қыздары ою-өрнек, сәндік жастық, құрақ, білезік жасау тәсілдерімен танысты. Шеберлік сабақтарды қаланың танымал шеберлері А.Т. Умбетова, А. Кузьмина өткізіп, клуб қыздарына ою-өрнек қиып, құрақ жасауды және білезік жасауды үйретті.
Бұл шара студенттерге университеттегі дәстүрлі оқу түрінен бөлек ұлттық құндылықтарымыз бойынша бейресми білім алудың керемет жолы деп есептейміз. Бұл біздің Өскемен қаласының шеберлерімен танысуға және өзіміздің қаламыздағы мұражайларды танып білуге мүмкіндік берді. Өлкетанудағы мәдени орындарды танып білдік.
Шеберлік сабақтарына қатысқан 22-ЗКК-1 және 22-ЗКК-3 тобының қыздары бұл шарадан үлкен әсер алып, қызығушылықпен тапсырмаларды орындады.