2018 жылдың 29 қаңтарында бас оқу ғимаратының мәжіліс залында Өскемен қаласы жастарына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау тобы тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму басқармасының ұйымдастыруымен Д. Серкібаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде кездесу өтті.
Шара барысында Елбасы, Ұлткөшбасысы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы жолдауын түсіндіру және болашақ жоспарларды талқылау, «Жас Отан» жастар қанатына мүшелікке қабылданған студенттерді ұлықтау рәсімі өтті.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің
жауапты хатшысы