Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қабырғасында профессорлық-оқытушылық құрам Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының елшісі А.Бородавкинмен кездесу өткізді. Шараға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина, елшілік өкілдері және жоғары оқу орын басшылығы қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттер арасындағы екіжақты әріптестік мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде, шараға қатысушылар халықаралық саясат тұрғысында өздерін қызықтырған сауалдар жолдап, толыққанды жауап алды.
Сонымен қатар, қонақтарға ШҚМТУ зертханалары мен ғылыми-өндірістік учаскелерінде экскурсия ұйымдастырылды.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі.