2017 жылдың 21 қыркүйегінде Республикалық ақпараттық түсіндіру тобымен университет студенттері кездесті. Кездесуге Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі, мәдениет және дін халықаралық орталығының директорының орынбасары Жорабек Дауренов және дін мәселелерін ғылыми зерттеу және сараптама орталығының ғылыми қызметкері Ольга Гайко қатысты.
Кездесу барысында арнайы келген мамандар Қазақстан Республикасындағы діни ахуалға сараптама бере отырып, өз тәжірибелерін ұштастыра отырып, заңнамалық өзгерістер және әлеуметтік желідегі жастарға қажет емес ақпараттарды сараптау мәселелеріне тоқталды. Кездесу барысында университет студенттері өз ойларын ортаға салып, ұсыныс пікірлерін білдірді.
КДМ