Мамырдың аяғында университетте жас ғалымдар Өскеменнің оқушыларымен және оқытушыларымен кездесті. Оған ҚР тұңғыш Президенті қорының жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, ҚР БҒМ Ғылым комитеті экономика институтының аймақтарды дамыту орталығының қызметкері М.Томанов, Қарағанды мемлекеттік университеті инновациялық-технологиялық орталығының маманы А.Аталықова қатысты.
М.Томанов қаржы қызметі туралы айтып берді, ал А.Аталықова қор жанындағы жас ғалымдар кеңесімен таныстырды.
Меймандар ЖОО кітапханасына Ілияс Омаровтың кітаптарын сыйлады.