Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Парасатты балақай» жобасын іске асыруда. Дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбек сүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеуді мақсат еткен «Парасатты балақай» жобасы аясында университет базасында қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың парасатты тәрбиешілер слетін өткізді. Слетқа Өскемен қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері қатысты.

Іс-шараның ашылуы мерекесінде қатысушылар Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің"№100 балабақша-бөбекжайының "Шуылдақ аспаптар оркестрдің орындауында "Ата толғауы" күйі мен «Василинка» мектепалды даярлық тобының "Вальс" биін тамашалады.

Слетқа қатысқан тәрбиешілер кәсіби шеберлігі мықты, тәжіриесі жоғары мамандардан дәріс алып, психологиялық жаттығулар мен тренингтерге қатысып, «Үлкен Алтай» мұражайын экскурссия жасады. «Мектеп жасына дейінгі балаларлдың бойында «парасаттылық генін» қалыптастыру философиясы, «Парасаттылық -таным бастауы» тақырыптарында дәріс оқылып, психолог мамандар «Эмоционалды күйзелістің алдын алу» тренингтерін өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің аға офицері Г. А. Бекбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы кеңінен мағлұмат берді.

Сонымен қатар, жыл бойы «Парасатты балақай» жобасын іске асыруда іс-тәжірибе нысаны болған - Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің"№100 балабақша-бөбекжайы"КМҚК тәрбиешілері мастер класс көрсетіп, іс-тәжіри белерімен бөлісті. Слет соңында қатсушылар арнайы сертиифкаттарға ие болды.

Бүгінгі кішкентай тәрбиеленуші - ертеңгі студент. Парасаттылық - балабақшадан басталады.

  Барлық фото