4 сәуірде 2022 жылы Ғылым апталығы аясында қазақ және орыс тілдері кафедрасы оқытушыларының ұйымдастырумен қазақ тілі пәнінен өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекттік тіл - менің тілім» атты университетішілік олимпиада өтті.
Шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Білім сайысында үздік білімімен ерекше көзге түскен студенттер: Борозенец Давид (21-МК-1), Кузьмина Ангелина (21-БЖ-1), Заболотнев Богдан (21-АУ-1), Бородулин Никита (21-МТ-1).
Жеңімпаз атанған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз.