Өткен жылғы желтоқсанда Астанада ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев және елімізідің техникалық ЖОО-дары, оның ішінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да бар, геология және жер қойнауын пайдалану саласында кадрлар әлеуетін қалыптастыруға байланысты өзара түсінік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты геология саласын дамыту үшін білікті мамандар даярлау.
Жиырма жылдай геология мамандарына сұраныс болмай, геологтар даярлау саябырсып қалған. Кездесуде осы олқылықтың орнын толтыру жайлы жан-жақты сөз болды.
Сондай-ақ жаңадан гидрогеология, геофизика, геохимия және геопалеонтология салаларын ашу мәселесі талқыланды.