«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін» жобасы бойынша ШҚМТУ-да білім алып жүрген студенттер «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қауымдастырылған профессоры, PhD Мырзантай Қожабайұлы Жақыппен кездесті. Кездесуге студенттер, оқытушы-профессорлық құрам, Әлеуметтік және азаматтық даму басқармасы қатысты.
Мырзантай Қожабайұлы «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жүрген студенттерге жоба шеңберінде оқуды аяқтаған соң оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істеу жөнінде, құқтары мен міндеттерін түсіндірді. Кездесу диалог форматында өтті. Студенттер мазалаған сұрақтарына нақты жауап алды.
Әлеуметтік және азаматтық даму басқармасы