8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да дәстүрлі түрде салтанатты іс-шара өтті.

Университеттің барлық ерлерінің атынан әскери кафедра басшысы Олег Манцуров ұжымның нәзік жанды қыздарын құттықтап, әйелдерсіз олардың өмірі бос және қызықсыз болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, ШҚТУ қызметкерлері университеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.Әйелдер күні - шын мәнінде халықаралық мереке. Өйткені, оны әлемнің 50-ден астам елінде атап өтеді.

Интерактивті концерттік бағдарламада 8 наурызға арналған университет қабырғасында қандай қызықты іс-шаралар мен акциялар өткені көрсетілді.Ұйымдасырылған лотереяда «Мечта» Тұрмыстық техника дүкенінде 10 000 теңгеге екі сертификат ұйымдастырылды.

Бағдарлама нөмірлері студенттердің шығармашылығына толы болды. «Экстази» шоу-балетінің жалынды ұжымы және Тимур Абдылғазы өз өнерлерімен қуантты.

Іс-шараның соңында барлық қонақтар фуршетке жиналды.

Келе жатқан мереке құтты болсын! Әр күн шуақты және қуанышты болсын, айналаңызда махаббат пен үйлесімділік орнасын!