Құрметті Анар Смағұлова, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Сізді туған күніңізбен құттықтайды!

Сіз шығармашыл адамдарының бірі, он саусағынан бал тамған өнер иесісіз. Шығармашылық әлеуетіңіз артып, алдағы уақытта бізді өз ісіңізбен қуанта беріңіз. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сіздің өміріңіздің шуақты күндері көп болсын. Денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман болғай!