14 қаңтар 2017 жылы Д. Серікбаев атындағы  Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінде «Шет тілі» кафедрасының оқытушылары мен 1-2 курс студенттері арасында « Merry Christmas» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара «Тілашар» атты ғылыми – ақпараттық орталықта өтті. Студенттер залды әсемдеп, жаңа жылдық шырша қойып, қазақ және ағылшын тілдерінде әсем ән орындап, би билеп, домбырада ойнады.

Құттықтау тілектерімен кітапхананың жетекшісі Тлеубекова Н.Е сөз сөйледі. Мерекенің ұйымдастырушылары Токушева П.А., Сыдыкова Ж.К. студенттер арасында қызықты викторина ойындарын жүргізді. Жеңімпаздар мерекелік сыйлықтарға ие болды.

Мерекеге белсенді қатысқан барлық студенттер мен мерекенің ұйымдастырушылары – ағылшын тілінің оқытушыларына: Токушева П.А., Сыдыкова Ж.К., Калелова И.М. алғысымызды айтамыз.

А. Сарсембаева, Шетел тілдері кафедра меңгерушісі