Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Шығыс Қазақстан облысының сәулетшілер Одағының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қала құрылысы, сәулет және дизайн саласында  «ALTYN  SHANYRAK» студенттік жобалардың Халықаралық on-line байқауын өткізу туралы хабарлайды.

Байқауға мына номинациялар бойынша бакалавриат және магистратура студенттерінің курстық және шығармашылық жобаларының электрондық нұсқалары ұсынылады:

  • 1. Қала құрылысы (қала және ауыл аумағын жоспарлау, қалақұрылыс кешендері, қоғамдық кеңістіктерді ландшафттық ұйымдастыру) - https://forms.gle/npLToeXAesLP3aDV9
  • 2. Тұрғын үй ғимараттары мен кешендерінің сәулеті - https://forms.gle/gJo8Eh46FQ4XVEHTA
  • 3. Қоғамдық ғимараттар мен кешендердің сәулеті - https://forms.gle/6oV7gxUvL21N9ZjP9
  • 4. Интерьер дизайны  - https://forms.gle/sDK336PfZZDraXS5A
  • 5. Сәулет ортасының дизайны: кіші сәулет формалары; қала құрылымындағы қоғамдық кеңістік, аула аумағын абаттандыру, тақырыптық саябақтар мен орман-бақтар - https://forms.gle/c457hFKC2Sj18GcD6

Байқауға тіркелу және қатысу үшін сілтеме бойынша өту, номинацияны таңдау, Google формада өтінімді толтыру және мына құжаттарды қоса тіркеу қажет:

  • жобаның электронды нұсқасы;
  • 1 парақтан аспайтын жобаға аңдатпа. Форматы А4 (Word)

Студент жұмысының (жобасының) электрондық көшірмесіне қойылатын талаптар - 300 pixel/inch, JPEG, жоғары сапада. Графикалық бөлігінің көлемі 10 МБ аспауы тиіс. Жіберілген материалдар қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда жобалар қарастырылмайды.

Қатысушы өзінің курстық және шығармашылық жобаларын бірнеше номинация бойынша ұсынуға құқылы.

Байқауға қатысу тегін.

Қолданылатын тілдер: қазақ, ағылшын, орыс.

Байқауды өткізу мерзімі мен сатысы:

  • Байқаудың жұмыстарын жіберу мерзімдері: 2021жылғы 20 қараша – 30 қараша
  • Кәсіби қазылар алқасының жұмысы: 2021жылғы 1 желтоқсан – 12 желтоқсан
  • Жеңімпаздарды жариялау: 2021жылғы 15 желтоқсан  

Байқаудың қазылар алқасы: Байқау жұмыстарын I, II, III дәрежелі дипломдармен марапаттау туралы шешімді құрамына байқаудың ұйымдастырушы комитетінің мүшелері, Қазақстан Республикасы сәулетшілер Одағының мүшелері, байқауға қатысушы елдердің жоғары мектептерінің өкілдері кіретін халықаралық кәсіби қазылар алқасы қабылдайды.

Сұрақтар бойынша номинациялар Модераторларына хабарласыңыз.

  • 1. Қала құрылысы, модератор Феоктистова Елена Александровна, [email protected]
  • 2. Тұрғын үй ғимараттары мен кешендерінің сәулеті, модератор Буханцева Анна Евгеньевна, [email protected]
  • 3. Қоғамдық ғимараттар мен кешендердің сәулеті, модератор Буханцева Анна Евгеньевна, [email protected]
  • 4. Интерьер дизайны, модератор Вайнбергер Алена Олеговна, [email protected]
  • 5. Сәулет ортасының дизайны, модератор Вайнбергер Алена Олеговна, [email protected]

Қатысушыларды марапаттау

Байқауға жіберілген барлық жұмыстар қатысушылардың куәлігін, жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болады. Студенттік жобалардың жетекшілері – байқау дипломын алады.

Результаты Международного on-line конкурса студенческих проектов в области градостроительства, архитектуры и дизайна «ALTYN SHANYRAK»

"Қала құрылысы" номинациясы

"Тұрғын үй ғимараттары мен кешендерінің сәулеті" номинациясы

"Қоғамдық ғимараттар мен кешендердің сәулеті" номинациясы

"Интерьер дизайны", "Сәулет ортасының дизайны" номинациясы

Атқарушы куәліктер


Оригиналы дипломов конкурса направляются участникам на почтовые адреса вузов.

Электронные варианты сертификатов участников и дипломов победителей будут размещены на сайте, на вкладке международного конкурса 15 февраля 2022 года (по ссылке конкурса).

Байқау дипломдарының түпнұсқалары қатысушыларға ЖОО-ның пошталық мекен жайларына жіберіледі.

Мекен жайы: Қазақстан, 070004, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 69. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.