Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да мектеп оқушылары арасында "Интеллект формуласы" зияткерлік ойыны өтті. "Не? Қайда? Қашан?” спорттық ойынының ережесіне сай жарыс "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығы мен біздің ЖОО-мен бірлесіп ұйымдастырылған.

Чемпионатқа Өскемен қаласындағы №10, №12 мектептер, "Бриг" жеке бизнес-мектебі және Риддер қаласындағы № 1 мектеп-лицей оқушылары қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Өскемен қаласының №10 мектебінің командасы өңірлік және финалдық қазақстандық командалар арасында үздік атанды.

Сондай – ақ, іс – шарада "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығы жанындағы Астана ИТО директоры С.А. Алиев, Д.Серікбаве ШҚТУ-дың сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы А.М. Ақаев, "ҮМЗ" АҚ баспасөз орталығы өкілі А.Б. Проскуряков, Өскемендегі РФ Бас консулдығының вице – консулы, Россотрудничество өкілі - А.А. Дяченко құттықтау сөзін сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Әріптестердің әрқайсысы өз сөзінде техникалық және инженерлік бағыттағы мамандарға деген сұранысты және жоғары сыныптарда жастардың мамандық таңдауының өзектілігін атап өтті.

Оқушыларға арналған турлар арасында университет бойынша танымдық экскурсия өткізіліп, Орталық комитетпен және құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы технологиялар трансферімен және "Smart Engineering" ғылыми-өндірістік кешенімен танысып, 3D-технологияларды қолданудың алуан түрлілігін өз көздерімен көріп қайтты.

Осындай өңірлік ойындар Астана, Алматы, Семей, Талғар, Степногорск және Ақкөл қалаларында да өтеді. Финалдық ойын 21 қазанда Астанада Қазақстанның ядролық қоғамы жанындағы Атом технологиялары жөніндегі ақпараттық орталықтың қабырғасында өтеді. Қазақстан Республикасынан алты финалист команда Беларусь, Өзбекстан, Армения және Ресей командаларымен кездеседі.

ФОТО ...