Д.Серікбаев атындағы ҚҚТУ (Қазақстан) мен Неаполь университеті Федерико II (Италия) арасындағы халықаралық студенттік жоба іске қосылды. Бұл жаңа бастама университеттердің Erasmus+ CirculEC жобасы аясындағы ынтымақтастығын жалғастырады.
Жоба екі университеттің студенттерін 17 халықаралық командаға біріктіреді. Әр команда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (SDG) бірін зерттейді.
Студенттер Қазақстан мен Италияның, әсіресе Өскемен мен Неаполь қалаларының орнықты дамуының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілеріне салыстырмалы талдау жүргізіп, неғұрлым орнықты қалалық ортаны қалыптастыру үшін өз шешімдерін ұсынатын болады.
Жоба бірлескен зерттеулер жүргізуге, мәдениетаралық тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Барлық командаға шабыт, қызықты жаңалықтар мен табыс тілейміз!
Жоба үйлестірушілері:
А.оқ, Оксана Гурская - Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ.
Prof. Gerardo Carpentieri - University of Naples Federico II.