Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 65 жылдығына арналған Дене шынықтыру, спорт және денсаулық халықаралық вебинары ұйымдасырылды. Вебинар тақырыбы: "Дене шынықтыру, спорт және денсаулықтың өзекті мәселелері: ғылыми-практикалық және оқу - әдістемелік аспектілер".

Іс-шараны Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы, Ашық ғылым орталығы және ШҚО Волейбол бойынша ұлттық студенттік және мектептік лига федерациясының қолдауымен ШҚТУ Денсаулық және спорт орталығы ұйымдастырды.

Вебинар барысында дене шынықтыру, спорт және денсаулық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Университетте дене шынықтыру саласы бойынша мұндай шара үлкен ауқымда өткізіліп отыр. Әлемнің 10 елінен, Ресей, Армения, Австрия, Грузия, Израиль, Қырғызстан, Өзбекстан, Корея, Франция және Қазақстаннан спикерлер сөз сөйлеі.

Вебинарға дене шынықтыру және спорт мамандары, ұстаздар, жаттықтырушылар, ЖОО оқытушылары, ұйымдар мен дене шынықтыру саласының қызметкерлері қосылды. Тыңдаушыларға халықаралық үлгідегі ерекше сертификаттар тапсырылады.

Қатысушылар өзара тәжірибе, білім алмасып, пікірлерін де ортаға салды. Бұл ұсыныстар мен білім қызмет сапасын арттыруда өз пайдасын тигізер деп үміттенеміз.