Өз атымнан және университеттегі барлық ер азаматтарының атынан сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сіздер еліміздің ғылым мен білім саласына қосып жатқан үлестеріңіз орасан зор.

Осы орайда сіздерге мерекелі көңіл-күй, отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттілік тілеймін!

Басқарма төрағасы-ректор, профессор
Жасұлан Шаймарданов