2022 жылдың 21 қазанында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ШҚО әкімі Даниал Ахметов Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да болды.

Іс шараға жергілікті атқарушы органдар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ректорлары, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері де қатысты.

Шығыс Қазақстан облысына іс сапары барысында Министр ЖОО материалды техникалық базасымен, ғылыми жетістіктерімен, технологиялық көрсеткіштері, тың жобаларымен танысты.

Министр Ғылыми орталықтарды аралап, «Прототиптеу және материалдарды өңдеу» Ғылыми өндірістік кешенінде, Құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы Құзіреттілік және трансфер орталығында болды.

Ғылыми орталық қызметкерлері Министрге медицинада қолданылатын титан өнімдерін; газ-мұнай саласына арналған титан өнімдерін; тантал мен ниобийден дайындалған медициналық бұйымдарды; диқаншы планшетын, 3D- принтерлерді таныстырды.

Саясат Нұрбек Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері мен қызметкерлерінің өңір мен ел дамуына қосып жатқан ғылыми жетістіктерін жоғары бағалады.

Іс-сапар соңы жұртшылықпен кездесумен аяқталды. Министр барлық қатысушыларға сәлем айтып, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы-ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызын жылы қарсы алып, университетте ұйымдастырылған экскурсияға алғыс білдіріп, жиналған қауымның сұрақтарына жауап берді.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Березинская-Абилова Елена ғылым және жоғары білім министрлігінің бейресми оқытуды қалай қолдайтынын, ал Қазақ-Американдық Еркін университетінің ректоры алдағы уақытта университет ректоры лауазымына кандидаттардың қандай қағидаттар бойынша іріктелетінін нақтылады.