Дәстүр бойынша, биылғы жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «ШҚМТУ МИСТЕРІ» конкурсы өтті. Атаулы жобаға дайындық үшін айға жуық уақыт жұмсалды. «ШҚМТУ МИСТЕРІ» атағына таласу үшін университеттің 8 ең талантты жеткіншектері келді. Конкурстың әрбір қатысушысы финалға дейін үлкен жолдан өтті. Олар кейіпкерлерді ойлап тапты, реквизит іздеді, кешкі уақытқа дейін дайындық жұмыстарымен айналысты. Конкурс алдын ала бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші – жасөспірімдер өзінің дене-тәрбиесінен біліктілігі мен төзімділігін  көрсеткен спорт жарыстары.  Екінші – жарыс қатысушылары бас аспазшы рөлінде әртүрлі тағамдарды әзірлеген азпаздық сайыс кезеңі. Үшінші– сайысқа қатысушылар сахнадағы таланты мен қабілеттілігін көрсету керек болған кезең.

24 ақпан күні университеттің акт залында «ШҚМТУ МИСТЕРІ» конкурсы өтті. Конкурс финалы бірнеше кезеңдерден тұрды. Барлық конкурс қатысушыларын оңай емес сындар күтіп тұрды: киім үлгісін көрсету, сахнада өзін-өзі көрсету, шығармашылықта талантын ашу, би қабілетін, зияткерлік қабілеттері мен эрудицияны   көрсету.  

Екі сағаттық конкурс бір демде өтті, көрерменнің барлық ынтасы көрермен мен әділ-қазылар алқасы алдында өнер көрсеткен сайыс қатысушыларында болды. Әділ-қазылар алқасының барлық мүшелері бір шешімге келіп, конкурстың жоғары деңгейде өткеніне, ұйымдастырушылардың да жұмысына жоғары баға берді. Конкурс қорытындысы бойынша келесі аталым иегерлері анықталды:

  • «ШҚМТУ МИСТЕРІ -2017» - Нурпеисов Алибек, студент группы 14-ВТТ-1 тобының студенті, ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті;
  • «I Вице-мистер ВКГТУ- 2017» - Коксегенов Алем, 13-ТТ-1 тобының студенті, инженерия факультеті;
  • «II Вице-мистер ВКГТУ - 2017» - Самат Әли,  16-ТМК-2 тобының студенті, инженерия факультеті;
  • «III Вице-мистер ВКГТУ - 2017» - Оспанов Серікжан,  14-ГД-1, тобының студенті, жер туралы ғылымдар факультеті;
  • «Көрермен көзайымы мистері  - 2017» -  Коксегенов Алем, тобының студенті 13-ТТ-1, инженерия факультеті;

Барлық қатысушыларға қатысқандары үшін мақтау қағаздары мен жеңімпаздарға демеушәлер мен ұйымдастырушалар атынан бағалы сыйлықтар берілді.

Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз, қайсарлық, талант және мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс айтамыз!   

Алмаз Кабдрахманов, пресс-клуб «Талант»