2025 жылғы 27 наурызда өткен ҚР Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында "демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі"үкіметтік сағаты шеңберінде келіп түскен ұсыныстар талқыланды.

Бейне байланыс бойынша талқылауға т.ғ.д., Қазақстанның демография бойынша бас мамандарының бірі, «Digital Social Research» ҒЗО жетекші ғылыми қызметкері Александр Николаевич Алексеенко қатысты. Ол елдің демографиялық даму тенденциялары, солтүстік аймақтардағы елді мекендердің жойылып кетуімен, осы шекаралас аумақтардағы халық тығыздығының төмендеуімен және демографиялық қауіпсіздікке қауіп-қатердің артуымен байланысты бірқатар маңызды тұжырымдар жасады.