5 мамырда Жоғары ІТ колледжінің қабырғасында 1 курс студенттерінің жауынгерлік ардагерлермен кездесуі өтті. Әскери-патриоттық шара Ұлы Жеңістің 78 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Студент жастар алдында әскери кафедра бастығы полковник О.А.Манцуров, соғыс ардагерлері: Затримайлов В.М., Таттыбаев Е.Е., Қасымов Р.О., Егембердинов Т.М. сөз сөйледі.

Қонақтар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Әскери-патриоттық шараға қатысушылар студент жастарға болашақ Отан қорғаушыларға қажетті қасиеттерді дамыту бойынша бірқатар кеңестер берді.

Жиын соңында қатысушыларға ұстаз Абдрахманов Қ.Т. және колледж директоры Солтанбекова Ш.О.; ардагерлерді келе жатқан атаулы күндер – Ұлы Жеңіс және Қазақстан Республикасын қорғаушылар күнімен құттықтады.

Кездесуден естелік ретінде бірлескен суретке түсті.