Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру» атты қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының шеңберінде 2019 жылдың 4-11 наурыз аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің спорт залында ДШСК 9-11 сынып оқушылары (2001-2003 ж.т. қыздар, ұлдар) арасында волейболдан Республикалық Ұлттық спорт мектеп лигасы өткізілді.

Республикалық Мектеп лигасына: Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау қалалары, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша:

қыздарұлдар:
1 орын – Алматы қ.
2 орын – Шығыс Қазақстан облысыь
3 орын – Жамбыл облысы
1 орын – Астана қ.
2 орын – Шығыс Қазақстан облысы
3 орын – Ақтөбе облысы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Кафедра ФИС