Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Республикалық Халық штабының мүшелері, ғылыми интеллигенциялар мен талантты жастардың кездесуі өтті. Жиынға Республикалық халық штабының мүшесі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Саиров Ерлан Бияхметұлы қатысты. Ол өз сөзінде «Электр энергиясының тапшылығын болдыртпауға, оның электр энергиясының бағасын тұрақтандыруға және импортқа деген тәуелсіздіктен құтылуға көмектеседі. Елімізде станцияны салуға экономикалық және саяси тұрғыдан барлық жағдайлар жасауға қауқары жетеді.»

Спикерлер атом энергетикасы әлемнің көптеген елдерінде энергетикалық баланстың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% - қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Біріншіден, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, 70%-ға дейін жетеді. Екіншіден, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Үшіншіден, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді қоса алғанда, жаһандық экологиялық міндеттемелерді өзіне жүктеді. Сонымен қатар, көмір жобаларын қаржыландыру да экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түсуде»,-деді Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Токтаров.

Штаб мүшелерімен кездесу барысында сөз алған өңір жастары ғылымы мен технологиясы күн санап дамыған заманда электр қуатына деген сұраныстың алдағы уақытта еселене түсетіндігі сөзсіз екендігін жеткізді.

«Электр қуатымен жүретін көліктер осыдан он жыл бұрын біздің қаламызда болмаған десем артық болмас. Ал қазір токпен жүретін темір тұлпардың қарасы көп. Бұл дегеніміз электр қуатына деген сұраныстың арта түскендігін білдіреді. Енді алдағы он жылда бұл сұраныс өспесе кемімейтіндігі анық. Демек, АЭС салу мәселесі заманның талабы деуге болады», - дейді белсенді жас Ермухамбет Бекмұхамбетов.

Кездесу барысында көтерілген негізгі мәселелердің бірі алдағы референдум болды, онда Қазақстан тұрғындары АЭС салу мәселесіне қатысты өздерінің азаматтық пікірлерін білдіре алады.

«Энергетикалық тәуелсіздіктен құтылудың бірден бір жолы АЭС-ті салу. Еліміздің 70 пайыздан астам электростанциялар көмірмен жанады және көбінің жаңартуды қажет етеді. Оларды жаңартпаса энергия көздеріне зәру болып қалуымыз мүмкін. Сол себепті осы салдарларды болдырмас үшін АЭС бізге ауадай қажет. Көмірді жаққаннан қарағанда жылуды атоммен алған ауамызға да әлде қайда тазарақ болары сөзсіз. Техникалық университетіміздің ректоры ретінде 2018 жылдан бері кадрларды оқытып шығарып жатырғанымызды айтқым келеді. Өзімізде ғана емес шеткері мемлекеттермен де селбесіп мамандарды даярлаудамыз. Осылайша энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін атом электр станциясы қажет. Ол үшін бізде барлық қажетті ресурстар бар, бұл шикізат, технологиялар және кадрлар.» - деп басып айтты Сәуле Жәдігерқызы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры.