Осындай атаумен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ашық сабақ өтті. Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар мектебінің 80-ге жуық студенті қатысқан іс-шара онлайн форматта өткенімен, білім алушылардың қызығушылығы жоғары болды. Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының доценті Қанша Қалиева мазмұнды презентация дайындап, қызықты фактілермен бөлісті.

Ашық сабақтың мақсаты - этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастырудағы Елбасының рөлін көрсету. Сабақтың негізігі бөлімінен кейін, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Оз ойларымен бөлусуге мүмкіндік алды. "Н.Ә. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісім мен татуластықтың қазақстандық моделінің авторы" атты ашық сабақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып өткізілді.

Н.Ә. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісім мен татуластықтың қазақстандық моделінің авторы