Биылғы жағдайға байланысты Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ білім күнін ерекше атап өтуде. Университет табалдырығын енді ғана аттаған және оқуын жалғастырып жатқан студенттерге арнап YouTube платформасында онлайн концерт ұйымдастырылды.

Д. Серікбаева атындағы ШҚТУ КЕАҚ басқарма төрағасының м.а.-ректоры Жасұлан Шаймарданов студенттерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Тілектерін мектеп декандары да жетізді.

ШҚТУ-дың «Гормет» және «FTB» шығармашылық топтары өнерлерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. Ал жоғары курс студенттері оқуға қатысты кеңестерімен бөлісті.

Айта кетсек, биыл білім ордасы мыңнан аса білім алушымен толықты. Оның ішінде 600 –ге жуығы мемелкеттік грант иегерлері атанса, 50 –ге жуық студент ШҚО әкімі грантын ұтып алды.