1. Жастардың ерекше еңбегін ынталандыру және мойындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар.

2. Сыйлық салтанатты түрде табысталады;

3. Сыйлық жылына бір рет, 5 номинация бойынша беріледі:

  • I. Жыл көшбасшысы;
  • II. Жыл волонтері;
  • III. Еңбек адамы;
  • IV. Жыл патриоты;
  • V. Жылдың үздік бастамасы.

Бір үміткерді екі немесе одан да көп номинациялар бойынша ұсынуға тиым салынады.

4. Сыйлыққа үміткерлерді жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіптік ұйымдар, жастар және қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар немесе жеке тарап ретінде ұсынады.

5. Конкурстық құжаттар: презентация, мінездеме, шығармашылық материалдар, талапкердің ерекше сіңірген еңбегін растайтын және тағы да басқа құжаттар ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ге тапсырылады.

6. Конкурс екі кезеңде өткізіледі: техникалық іріктеу, онлайн дауыс беру.

7. Жүлдені Шығыс Қазақстан облысының басшылығы тағайындайды.

8. Сыйлық өтініш берушіге бір рет беріледі.

9. Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеу критерийлері:

I. «Жыл көшбасшысы»:

18 жастан 35 жасқа дейін;

Үміткер облыстағы жұмыс істейтін жастар ұйымының/ҮЕҰ/студенттік ұйымының жетекшісі немесе мүшесі болуы керек.

Үміткердің көшбасшылық қасиеттері, білімі, дағдылары болуы керек;

Ұсынылған үміткер қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, облыстың мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосуы тиіс;

Үміткер оқу/спорт бойынша үздік/республикалық/халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы болуы тиіс;

Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысының, жергілікті атқарушы органның, партияның, үкіметтік емес ұйымның немесе басқа да ұйымдар мен мекемелердің алғыс хаттары/ грамоталары болуы шарт.

II. «Жыл волонтері»:

16 жастан 35 жасқа дейін;

Үміткер аймақта жұмыс істейтін ҮЕҰ/ бастамашыл топ/ еріктілер клубының жетекшісі немесе мүшесі болуы керек.

Үміткер кемінде 3 жыл волонтерлік қызметпен айналысуы керек;

Үміткер ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға волонтерлердің қатысуын растайтын материалдарды (фотосуреттерді) және құжаттарды қоса беруі керек;

Үміткер республикалық, облыстық және қалалық/аудандық іс-шараларға қатысуы, халықтың әлеуметтік осал топтарына әртүрлі көмек көрсетуі керек;

Үміткер мемлекеттік жастар саясаты аясында белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуі қажет;

Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысының, жергілікті атқарушы органның, партияның, үкіметтік емес ұйымның немесе басқа да ұйымдар мен мекемелердің алғыс хаттары/ грамоталары болуы шарт.

III. «Еңбек адамы»:

18 жастан 35 жасқа дейін;

Үміткер Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарының/мекемелерінің бірінде қызмет атқаруы тиіс;

Үміткер алған мамандығы бойынша жұмыс істеуі керек;

Үміткердің осы салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек;

Үміткер мемлекеттік жастар саясаты аясында белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуі керек;

Үміткер өз қызмет саласында елеулі табысқа ие болуы немесе әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызметке қосқан ерекше үлесі үшін марапаттарға ие болуы тиіс;

Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысының, жергілікті атқарушы органның, партияның, үкіметтік емес ұйымның немесе басқа да ұйымдар мен мекемелердің алғыс хаттары/ грамоталары болуы шарт.

IV. «Жыл патриоты»:

18 жастан 35 жасқа дейін;

Үміткер азаматтық-патриоттық тәрбие саласындағы жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуы керек;

Үміткер төтенше жағдайларда немесе қылмыстық әрекеттер кезінде адам өмірін құтқаруда ерлік үлгісін көрсеткен бейбіт кезеңнің қаһарманы болуы қажет;

Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысының, жергілікті атқарушы органның, партияның, үкіметтік емес ұйымның немесе басқа да ұйымдар мен мекемелердің алғыс хаттары/хаты/ грамоталары болуы шарт.

V. «Жылдың үздік бастамасы»:

18 жастан 35 жасқа дейін;

Үміткердің көшбасшылық қасиеттері, білімі, дағдылары болуы керек;

Үміткер мемлекеттік жастар саясаты аясында белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуі керек;

Үміткер өз қызмет саласында елеулі табысқа ие болуы немесе әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызметке қосқан ерекше үлесі үшін марапаттарға ие болуы керек;

Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысының, жергілікті атқарушы органның, партияның, үкіметтік емес ұйымның немесе басқа да ұйымдар мен мекемелердің алғыс хаттары/ грамоталары болуы шарт.

10. Конкурс 2024 жылдың 20 қарашасына дейін өткізіледі. I кезең: 2024 жылдың 15 қарашасына дейін - өтінімдер мен бейнероликтерді қабылдау, 16-17 қараша - техникалық іріктеу, II кезең: 2024 жылғы 18 қарашадан 20 қарашаға дейін - онлайн дауыс беру.

11. Конкурстық құжаттарды дайындауға қойылатын талаптар:

Портфолио: жетістіктерді растайтын құжаттардың ұсынысы, сипаттамасы және сканерленген нұсқасы MS Office PowerPoint редакторында презентация форматында басып шығарылуы керек. Шрифт Times New Roman, текст өлшемі 14 болуы тиіс.

Негізгі (титулдық) бетте толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс орны, лауазымы (оқу орны, курс, факультет, мамандық) және номинация атауын көрсету қажет.

Бейнеролик: Бейне пішімі - 1080 x 1920 / 9:16 / Instagram роликтері / тік, кадрдың минималды жиілігі - секундына 60 кадр. Бейне жоғары сапалы сандық бейне камерада немесе ұялы телефонда түсірілуі керек. Бейнероликте қатысушы өзі туралы, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы жетістіктері және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі туралы ақпарат беруі қажет. Қатысушының дауысы анық және дыбыс сапасы жоғары болуы керек. Бейненің ұзақтығы 59 секундтан аспауы керек.

Құжаттар мен қатысушылардың бейнежазбасы 2024 жылдың 15 қарашасына дейін Максим Горький көшесі, 48, 2 қабат, № 206 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Анықтама үшін телефон: 8(7232) 71-02-32; +7(775) 172-89-87 - Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.