Ғылым және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін Ақпараттық технологиялар мектебіндегі «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының 2- курс студенті Серіктаева Аяжан (17-МКК-1 тобы) «ТМД-2019 үздік студенті» медалімен марапатталды, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының оқу орындарының арасында өткізілетін «Үздік студент 2019» байқауы аясындағы «Дарынды жастардың халықаралық энциклопедиясы» жобасының II- дәрежелі дипломымен марапатталды.
Марапаттау салтанаты «Үздік студент 2019» байқауы аясында 2019 жылдың 19 сәуірінде Нур-Султан қаласында өткізілді. Салтанатты «Бобек» Жалпыұлттық қозғалысы» ассоциациясының заңды тұлғалары, «Қазақстан ғалымдарының Конгресі» және «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбас кітапханасы» бірлесіп ұйымдастырды.
Студентіміз Аяжанның есімі «ТМД-2019 үздік студенті» студенттік кітап топтамасының бірінші нөміріне енгізілді. Бұл кітапқа халықаралық, республикалық және регионалдық олимпиадалар, конференциялар және жобалардан жүлделер иегерлері, жастар қоғамдық қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, ұлттық құрама Мүшелері, Олимпиада ойындарының, халықаралық және спорттық жарыстар лауреаттары және жүлдегерлері енгізілген.
Аяжанды еңбегі сіңген марапатпен шын көңілмен құттықтаймыз, биік шыңдарға шыға беруіне тілектестік білдіреміз!
Ақпараттық технологиялар мектебі