7 қыркүйекте Семей қаласында "Жергілікті деңгейде жастар саясатын іске асыру мониторингі және бағалау" семинары өтті.

Семинар «Прогрестің катализаторы» жеке қорымен Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясаты басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Семинарға жастардың үкіметтік емес ұйымдарының және ЖОО-ның жастардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысты.

Семинарды "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жанындағы жастармен жұмыс бойынша Ұлттық тренерлер пулының сертификатталған трененрі Уварова Луиза Магомедовна өткізді.

Семинар бағдарламасы студенттердің өзін-өзі басқару санынан жастармен жұмыс бойынша мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Семей және Өскемен қалаларының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдері бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасты, мемлекеттік жастар саясатының негізгі ұғымдарымен, жастардың қоғам өміріне қатысуын ынталандыру әдістерімен танысты.   

Оқыту бағдарламасы топпен жұмыс істеудің интерактивті әдістерін қолдана отырып, бейресми білім беру принциптеріне негізделген.

CIGR бөлімі