Қазақ халқы дін мен дәстүрді жоғары бағалаған халық. Ұрпақ тәрбиесінде бұл құндылықтарды халқымыз аса дәріптеп, болашаққа жол көрсетер темірқазық іспеттес көрген.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, 17 наурызда, жастарды ұлттық жәдігерлермен таныстыру мақсатында, студенттер үшін Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде орналасқан «Ислам мәдениеті» мұражайына экскурсия ұйымдастырылады.
Мешіт тек діни ғибадат орны ғана емес, сонымен бірге ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен тарихын насихаттайтын рухани орталық болып табылады. Бұл мұражайда сонау сақ, ғұн, түркі дәуірілерінен, ислам тарихы мен қазақ халқының тәңірліктен қазіргі күнге дейінгі мәдениетінен сыр шертетін бірегей құнды жәдігерлер қойылған.
Экскурсияға 19 ЭЛк-1, 20 ГМк-1, 20 РТк-1, 20 ИСк-1, 21 ССк-1, 21 ЭЛ-1 топтарының студенттері қатысты.
Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.