Ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» КММ-да студенттер арасындағы «Ұлтаралық келісім, мүмкін/мүмкін емес» тақырыбында пікірсайысы өтті.
Пікірсайысқа Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Еркін сөз» дебаттық клубының өкілдері қатысты. Сонымен қатар С.Аманжолов атындағы ШҚУ және ҚАЕУ-ның дебат командалары қатысты. Ойын Карл Поппер форматында өтті.
Әр команда берілген тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, білімдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсете білді. Нәтижесінде, жеңіске жеткен командаларға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар берілді.
Аталмыш іс-шарада пікірсайысшылардың ойынына төрелік етуге әділ қазылар мүшелері болып, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.А. Садвакасова және Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасының бас маманы М.С.Амринова шақырылды.