Ағымдағы жылдың 22 қазаны күні біздің студенттер Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және Республика күні қарсаңында өткен облыс әкімі Д.К. Ахметовпен кездесуге және мерекелік концертке қатысты. Сондай-ақ, студенттер Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының кіре берісінде ұйымдастырылған этно-мәдени бірлестіктердің көрмесін тамашалады.
Студенттер аталмыш іс-шараға қатыса отырып, этносаралық татулық пен бірлікке, ұлтжандыққа негізделген қоғамда өмір сүріп жатқандығымызға тағы бір мәрте көз жеткізіп қайтты деуге болады.