Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Өскемен қаласында өткен «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «World Cleanup Day – 2025» экологиялық сенбілігіне қатысты.
Шараны ШҚО Экология департаменті, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Өскемен қаласы әкімдігі бірлесіп өткізді.
Акцияның негізгі алаңы Шмелёв Лог сайы болды. Мұнда 200 ге жуық волонтерлер, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мемлекеттік органдар өкілдері және белсенді қала тұрғындары жиналды.
Қатысушылар тұрмыстық қалдықтардан, пластик, әйнек және басқа да қоқыстардан үлкен аумақты тазартты. Нәтижесінде бірнеше тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Барлық жұмыстар ұйымшыл әрі достық жағдайда өтті.