2018 жылдың 3 желтоқсанында Астана қаласында Worldskills Kazakhstan 2018 ұлттық чемпионатының ашылуы өтті. WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының басты мақсаты - халықаралық стандарттар негізінде жоғары технологиялық салаларды кадрлық қамтамасыз ету тетіктерін, соның ішінде кәсіби бағдарлау, кадрларды даярлау, сараптамалық қауымдастықтарды қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру тіректерін қалыптастыру. Шығыс Қазақстан облысының командасын өз құзыреті бойынша аймақтық турдың жеңімпаздары - 28 студент құрады. Біздің университет атынан Ақпараттық технологиялар мектебінің "Ақпараттық технологиялар" кафедрасы 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының 4 курс студенті Верхоланцев Владимир "Бизнеске арналған IT шешімдер" құзыретіне қатысады. Бұл құзырет биылғы жылы елімізде бірінші рет өтіп жатыр.
Ашылу салтанатында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Амангельдиевна Суханбердиева қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Чемпионат 3 күн, яғни 2018 жылдың 4-6 желтоқсан аралығында өтеді. Біз қатысып отырған құзіреттілік бойынша тапсырмалар жабық, сессия алдында беріліп отырады және қатысушылар 1,5 сағат көлемінде тапсырманы орындап, нәтижелерді өткізуі керек. Бұл сияқты сесссиядан бір күнде 2 сессия болады, барлығы 6 сессия.
Ақпараттық технологиялар мектебі,
«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы
аға оқытушысы Сулейменова Лаура