2025 жылғы 26 қарашада Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 20 лауреатын - мәдениет, ғылым, медиа, спорт салаларында елеулі табыстарға қол жеткізген, сондай-ақ салалардың және тұтастай қоғамның дамуына үлес қосатын инновациялық жобаларды іске асыратын жас қазақстандықтарды марапаттау рәсімі өтті.

Жоғары мемлекеттік наградаға ие болғандардың қатарында «Veritas» артықшылық орталығының ғылыми қызметкері, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Жас Ғалым» бағдарламасы бойынша постдокторанты Меруерт Еркінқызы Өтегенова бар. Оған «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы берілді. Бұл марапат оның жастар бастамаларын дамыту, әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін ілгерілету және ШҚТУ студенттерін өзекті қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге тарту жөніндегі жүйелі жұмысының мойындалуы болды.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Меруерт Еркінқызын беделді «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атануымен құттықтап, оған одан әрі кәсіби және ғылыми табыстар, жаңа өршіл жобаларды іске асыруды және Қазақстан жастары мен Республикасының игілігі үшін жемісті қызмет тілейді.

«Дарын» сыйлығының лауреаттары аталды / Jibek Joly News
https://youtu.be/dFKdAg3cUIk?si=2EsTp__mjBkXi94_