20.09-30.09 аралығында шақырылған профессор бизнес және кәсіпкерлік мектебінің оқытушылары үшін "Мемлекеттік қаржыны басқару: заманауи тәжірибе және жаңа сын-қатерлер"тақырыбында ғылыми семинар өткізеді.
PhD докторы, Памуккале университетінің экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры- AYLIN IDIKUT ÖZPENÇE шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік жеңілдіктерге, салықтық реттеуге, өнеркәсіп пен университеттер арасындағы ынтымақтастыққа мамандандырылған.
Шақырылған шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасу оқытушыларға еуропалық деңгейде озық әдістерді пайдалана отырып, өз зерттеулерін жүргізуге, сондай-ақ менеджменттің заманауи құралдарын практикаға енгізуге көмектеседі.