Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің жанынан қүрылған "Нұрлы Жүректер" қайырымдылық еріктілер клубы мен "ВМП"-ның белсенді жастары, үйде отыратын, мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне Наурыз мейрамымен құттықтау үшін қонаққа барып қайтты.
"Нұрлы Жүректер" қайырымдылық еріктілер клубы мен "ВМП"-ның белсенді жастары балаларға кішігірім сыйлықтар табыс етіп, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен күй тартып, көңілдерін көтерді.
Үйде отырып, көп нəрселерден бейхабар болып жүрген балалар жастарды көріп, жанды дауыста күй тыңдап, сыйлық алып жатқандарына қатты қуанды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі