Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Жастар шығармашылығы –Қазақстанның инновациялық дамуына» атты ХІІІ студенттердің, магистранттардың, жас ғалымдардың республикалық ғылыми-техникалық конференциясы болып өтті. Оған ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков, облыс әкімінің бірінші борынбасары Ермек Көшербаев, облыстық білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова, ЖОО-ның профессорлары мен оқытушылары, жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Конференция барысында Д.Лукашевичтің (Новосібір), Г.Кәріпбаеваның, А.Архиповтың, А.Байтұяқтың, М.Нұраштың баяндамалары қызығушылық туғызды.

Конференция жұмысы секцияларда жалғасты. Оларда қатысушылар әр саланың проблемалы тақырыптарын, оларды дамытудың перспективалары мен механизмдерін талқылады.