2018 жылдың 22 қаңтарында жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Өскемен қаласы жастар маслихатының депутаттары А. Анжиков және А. Әділбековпен университет көлеміндегі жастар саясатына қатысты мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында жеңілдікпен сатылымға шығатын студенттік жол жүру билеттері, жазғы еңбек кезеңінде «Жасыл ел», студенттік құрылыс және педагогикалық жасақтарын тиімді ұйымдастыру және студент-жастар арасында насихаттау, студенттік ортадағы мәселелерді шешуге бағытталған сұрақтар қарастырылып, шешім жолдары талқыланды.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің
жауапты хатшысы