Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас ғимаратында «Жаңа технологиялар – ЭКСПО-2017» халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Пленарлық отырыста ШҚМТУ-дың ғылыми-зерттеу бағдарламаларының жетекшілері баяндама жасады. Конференцияға қатысушылар Киев қ., Украина ҰҒА-ның М.П. Семененко ат. Геохимия, минералогия және кенжаралу Институтынан әріптестерінің баяндамаларын тікелей эфирде тыңдады. Сондай-ақ, іс-шара аясында ғылыми-техникалық әдебиет көрмесі ұйымдастырылды. Екі дөңгелек үстел отырысы өткізілді: «Адаптация және «Аstana EXPO - 2017» көрмесінде таныстырылған технологияларды енгізу» және «Жасыл экономика - ЭКСПО-2017».