Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Европа елдерімен тығыз ынтымақта жұмыс істеуде. Соңғы үш жыл көлемінде ШҚМТУ-дың стратегиялық әріптестерінің бірі Люблин техникалық университеті (Польша) болып табылады.
Онымен ынтымақтастық академиялық ұтқырлық бағдарламасы және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетел ғалымдары мен консультанттарын тарту жөніндегі бағдарлама аясында іске асуда. Таяуда екі университет арасында қос магистратура ашу жөнінде қосымша келісімге қол қойылды.
Люблин университеті ректорының көмекшісі Вальдемар Вуйцикпен әңгімесінде Нұрлан Темірбеков былай деді:
- Университеттер арасындағы ынтымақ кеңейіп отырғаны қуанышты. Бүгінгі шара біздің қарым - қатынасымызды онан әрі нығайта түсетініне сенімдіміз.