Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Жапония мен Францияның делегациялары болып қайтты. Жапонияның «Interactive corporation» компаниясының өкілдері - ТМД елдері бойынша бас менеджер Тацухико Касай, Ёшинори Шингаки және Француздың ECМ Technology компаниясының бас директоры Лорент Пелиссиер, техникалық директоры Филлип Лэй мен үйлестіруші Роман Гуиллоарт «Іргетас» зертханасының мүмкіндіктерімен, минералдық шикізатты гравитациялық байытудың модульді қондырғысымен танысты.

Университетпен танысқан соң ШҚМТУ ғалымдары және «Қазатомпром» АҚ өкілдерімен қонақтар тараптардың ынтымақтастығы жайлы сөз қозғады. Ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге қол жетті.