Қашықтан білім беру қызметіне жауапты серверлерді бұзамыз деп ШҚМТУ территориясына белгісіз екі студент кіріп кетті. Өз бағаларын "5-ке" түзету мақсатымен бұзақылық жасамақшы болды. Мұндай аңызды арқалаған ашық есік түні университеттің Instagram парақшасында тікелей эфирде өтті.
ЖОО белсенділері бұзақылықты болдырмау үшін іздеу шараларын жүргізді. Олар университеттің барлық мектептеріне кіріп, студенттер білмейтін құпия бөлмелерді аралады. Зертханалар, кітапхана мен музейді де аралап шықты.
-Қазір коронавирус пандемиясына байланысты карантин режимі сақталуда. Мектеп бітірушілерді, студенттерді қонаққа шақыра алмаймыз. Сол себепті, онлай форматта болсын, шағын экскурсия ұйымдастыруды жөн көрдік. Біздің университеттің ең қызықты жерлерін көрсетуге тырыстық. Қандай мамандықтар бойынша білім алуға болатынын айтып бердік. Соңында белсенді студенттеріміз шығармашылықтарын көрсетті, жастар биін паш етті – дейді студенттік кәсіподақ төрағасы Василий Хван.
Ашық есік түнін @ektuniversity инстаграм парақшасынан көре аласыздар.